Астанадағы көліктер саны нормадан асып барады

25-26 қыркүйекте елордада «Астана қаласындағы транспорттық кешенді дамыту үрдісі» атты конференция өтуде, деп хабарлайды «Астана LRT» компаниясы.

«Қазір Астанадағы бір миллионға жуық халықтың үштен бірінің көлігі бар. Бұл шамамен 340 мыңдай көлік. Жыл сайынғы қаладағы көліктер санының 6-8 пайыздық өсімін ескерсек, 2017 жылы бұл көрсеткіш 367 мыңға жетпек,» — дейді шараға қатысушылар.

Халықаралық тәжірибеде байқалғандай, шаһар халқының қарқынды өсімі транспорттық инфрақұрылым,а кері әсерін тигізіп жатады.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін қоғамдық көлік жүйесін дұрыстау керек. 2015 жылдың қазан айында Қазақстанда Халықаралық қоғамдық көлік одағының (UITP) кеңсесін құру туралы келісімге қол қойылды.  Осылайша Астана қоғамдық көліктер жүйесіне үлкен мән беретін қалалардың одағына енді.

 

Оқыңыз:   Ғылыми жұмыстарға 100 млн долларға дейін грант бөлінеді