Алматыда үй қымбаттады. Астанада баға тұрақты

Өткен аптада Алматы мен Қарағандыда үй бағасы көтерілді.

Ал Астанада баға өзгеріссіз қалды.

Алматыдағы орташа баға шаршы метріне шамамен 2 пайыз қымбаттап, 418 700 теңге болды.

Ал Астанадағы баға шаршы метріне 344 000 теңге айналасында. Теңгемен есептегенде өзгеріссіз қалғанымен, доллармен есептегенде 1 пайыз арзандады.

Қарағандыдағы орташа баға шаршы метріне 213 100 теңге болды. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен бар болғаны 1% қымбат.

Оқыңыз:   Қайталама нарықтағы үйлер арзандап жатыр