Бір-екі жылда банктердің жағдайы қиындайды

Алдағы 18-24 айда қазақстандық банктердің капиталы күрт кеміп кетуі ықтимал. Мұндай болжамды S&P Global Ratings агенттігі. жасап отыр.

Агенттік мәліметінше, оның себебі ірі банктерді мемлекеттің қолдауы мен кей банктердің балансын «тазалау» және несиелік портфельдің азаюы.

«Көптеген қазақстандық банктердің рейтингі «нейтарлды» немесе «теріс» деп бағаланған. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдаудың өзі біздің рейтингте «теріс» деп көрсетілген», — деп жазады агенттік.

Агенттік сарапшыларының айтуынша, рейтингтің төмендеуі ең алдымен актив сапасының нашарлауы, капиталдың азаюы немесе бизнесті агрессивті дамыту стратегиясы себеп болмақ. Сараптамаға сенсек, қазіргі таңда қазақстандық банктердің несие портфелінің 25 пайызы проблемалық болып тұр. Ал Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш 10 пайызға жетпейді.

«Бұл несиелердің басым көпшілігі жеткілікті резервпен қамтамасыз етілмеген. Қазақстанның 10 ірі банкінің несие бойынша ықтимал шығындарын жабу резерві 2016 жылы 2,4 пайызды, 2017 жылы 5 пайызды құрады. Бұл өте қауіпті көрсеткіш. Тіпті, Ресей (2,5 пайыз), Әзербайжан (4 пайыз), Нигерияда (3,5 пайыз) бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Алдағы уақытта жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін», — деп жазады сарапшылар.

«Біздің ойымызша, қазақстандық банктер өздерінің жағдайларын жақсартып көрсету үшін түрлі бухгалтерлік қулықтарға барады», — делінген сараптамада.

Сонымен қатар, сарапшылар қазақстандық банктер қазір өздерінің табыстарын көбейте алмай жатқанын алға тартады.

«Қазақстандық банктер сыртқы нарықтан пайда тауып, өз капиталдарын арттыра алмай отыр», — дейді.

Оқыңыз:   Теңгенің курсы тағы бір жылдық минимумға түсті