Айырбастау пунктерінде алтын құймалар сатыла бастады

Ұлттық банктің шығарған алтын құймаларын валюта айырбастау пунктері сата бастады.

Ұлттық банктің 2014 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстанда қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына сай, айырбастау пунктері мини-құймаларды сатуға мүмкіндік алды. Бас банк 2018 жылдың 2 қарашасында аталған қаулыны нормативті-құқықтық актінің мемлекеттік реестріне енгізді.

Бұрын пунктер тек қолақшамен ған айналыса алатын.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер алтын құймаларды сатуға рұқсат алған еді.

Оқыңыз:   Жарты жылда қазақстандық банктер 204 млрд теңге жоғалтты