Азық-түлік айтарлықтай қымбаттап кетті

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары бір жылда 4,7 пайызға қымбаттаған.

Қаңтардан бері құмшекердің 20,9 пайызға қымбаттағаны айтылады. Сондай-ақ, мәйекті ірімшіктің 10,6 пайызға, консервіленген сүттің 9,4 пайызға, жылқы етінің 8,5 пайызға, сары майдың 7,4 пайызға қышқыл сүт өнімдерінің 6,2 пайызға, шошқа етінің, шұжық өнімдерінің 5,8 пайызға, сиыр етінің 5,3 пайызға, қой етінің 5,1 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Бұдан бөлек, министрліктегілердің мәліметінше, автомобильдер мен құрылыс материалдарының бағасы 6,3 пайызға қымбаттап кеткен. «Киім және аяқ киім 6,1 пайызға, фармацевтикалық өнімдер 6 пайызға,, тұрмыстық аспаптар 5,9 пайызға, тоқыма бұйымдары 5,8 пайызға, кеңсе тауарлары 5,7 пайызға, жеке қолданатын тауарлар 5,2 пайызға, жуғыш және тазалағыш құралдар 4,4 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттар 4,1 пайызға қымбаттады», — делінген баспасөз қызметіндегілердің хабарламасында.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің, медициналық қызметтерінің бағасы да 5,5 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтер 4,3 пайызға, санаторийлер қызметтері 3,8 пайызға, жоғары білім 3,6 пайызға, ұялы байланыс қызметтері, интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлемі 3,1 пайызға дейін қымбаттаған.

Ал жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысының 13,7 пайызға, темір жол көлігімен 8,1 пайызға, қалааралық автобустарда жүру ақысының 6,3 пайызға, ішкі қалалық автобуспен жүрудің 3,1 пайызға қымбаттағаны айтылады.
Оқыңыз:   Арабтың "Mubadala" қоры Қазақстанның инфрақұрылымына қаржы салады